Облыс аумағында жазғы бидай түріне басымдық беріледі. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы өкілдерінің айтуынша, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр. Күзде мол өнім алуға мүмкіндік бар.
Ведомство хабарлауынша, қазір ауылшаруашылығы техникасы науқанға 98%-ға дайын. 133 бірлік жаңа техника, 70 мың тоннаға жуық жанар-жағармай алынды.
Дәнді-дақыл мен тыңайтқыштарға да басымдық беріледі. Бүгінде 450 мың тонна дәнді-дақыл аккредитациядан өткен сараптама орталықтарына жөнелтіліп, талдау мен тексеруден өтіп жатыр. Минералды тыңайтқыш өндіру және жеткізу бойынша келісімшарт жасалды.