Күні бүгінгі дейін Қазақстанда коронавирустан 3129 адам көз жұмды. Соңғы 24 сағат ішінде індет тағы 19 адамның өмірін жалмады. 7 қазақстандық КВИ белгісі пневмониядан қайтыс болды.
Ақмола облысы қайтадан «қызыл» аймаққа енді. Қазір Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, БҚО, Атырау Ақтөбе, Алматы және Ақмола облыстары «қызыл» аймақта. Ал Шымкент пен Қарағанды «сары», өзге өңірлер «жасыл» аймақта.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қазір стационардағы 10 243 орында науқастар ем қабылдап жатыр. Ақмола облысында 348 адам стационарда.
Ақмола облысы: Әдеп жөніндегі уәкілдердің танылу деңгейі жоғары