5 қаңтардан «көк» статусы барларға шектеу қойылады - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақӘлеуметҚоғам

5 қаңтардан «көк» статусы барларға шектеу қойылады

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Үкімет отырысында 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап елімізде қосымша профилактикалық шараларды енгізу жоспары туралы мәлімдеді.

Сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне; спорттық орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарына, караоке, бассейн, сауналарға, моншаларға, «Қазпошта» бөлімшелеріне, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына «ASHYQ» қосымшасымен «жасыл» статусы бар адамдардың кіруіне рұқсат беру жөнінде қосымша профилактика шараларын енгізуді ұсынамыз, — деді ол.

Жандос Бүркітбаев осы норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынды.

ДСМ өкілі сөз соңында халықты вакцина салу, жаппай ревакцинация жасауды арттыру, сондай-ақ ұсынылатын эпидемияға қарсы шаралар елдегі жағдайдың нашарлауына жол бермейтінін айтты.

Ақмола облысында алғаш рет «Baby skills» чемпионаты өтті

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button