12 жасар ақмолалық муай-тайдан Қазақстан чемпионы атанды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚоғам

12 жасар ақмолалық муай-тайдан Қазақстан чемпионы атанды

Алматыда муай-тайдан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Ақмола облысының намысын Шортанды ауданының спортшылары қорғады, деп хабарлайды Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы.

Дүбірлі додада 38 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлес спортшымыз Жарқынбек Оразалы чемпион атанды.

52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ислам Мырзабеков «күміс» жүлдеге, 27 келіге дейінгі салмақта Қаппас Ерсұлтан «қола» медальге ие болды.

Айта кетейік, балғын спортшылар Жандос Есенамановтың жетекшілігімен жаттығады.

Ақмола облысында пәтер өртінен бес жасар бала көз жұмды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button